GÜNDEMİ BUL MENÜ

33 Mersin Gazetesi
Paylaş:
X
GÜNDEM

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Editör Yazar / Editör
26.04.2023 17:13 1 Dk Okuma
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады


 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
2023 жылғы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибесі жаңа жауапты қызметті атқаруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Президентке ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақтылық қоғам өмірінің барлық саласында жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуының басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.

 

 

 

 

Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kha-toragasynyn-orynbasarlaryn-kabyldady-2431019

 

 

 

Editör

Gündemi Bul yazarı. Gündemdeki son gelişmeleri, bağımsız analizleri ve araştırmaları sizlerle paylaşıyor.

YAZARIN DİĞER YAZILARI

Yorumlar (0)

Bu habere henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu siz yazın.

Bir Cevap Yazın

3 + 1 = ?