Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Mersin °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
REKLAM ALANI
22.06.2022
A+
A-

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

2022 жылғы

Қатар Мемлекеті, Доха қаласы

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын жан-жақты талқылады.

Көшбасшылар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, форумға шақырғаны және жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айта келе, екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көрсеткіштерін арттыру маңызды екеніне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзара мүддені көздейтін салалар бойынша Қазақстан мен Қатар арасындағы қатынастарды нығайту үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды. Президент екі мемлекеттің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы ықпалдастықты жандандыруды ұсынды.

– Біздің бірқатар инвестициялық жобаларымыз бар. Бүгін соларды сіздермен бірлесіп талқылауға дайынбыз. Қазақстан компаниялары осы бағытта Қатар бизнесімен тығыз ықпалдастық орнатуға ниетті, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Доханың Қазақстанмен көпжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді.

– Бүгінгі экономикалық форумға Қазақстанның қатысқаны – мен үшін үлкен мәртебе. Біздің өзара сенімге негізделген қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бірлескен жобаларды, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл еліміз үшін басым бағыт және жуық арада агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау үшін арнайы топ жібереміз, – деді Қатар Әмірі.

Әңгіме соңында Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, жақын арада елімізге сапармен келуге ниетті екенін нақтылады.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-katar-amiri-sheyh-tamim-ben-hamad-al-tanimen-kezdesti-2153456

 

 

 

 

 

 

 

REKLAM ALANI
Arabic Arabic Chinese (Simplified) Chinese (Simplified) Dutch Dutch English English French French German German Italian Italian Portuguese Portuguese Russian Russian Spanish Spanish Turkish Turkish